Әліби Ідіріс UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді
NAIZA лигасының бұрынғы чемпионы Әліби Ідіріс Хьюстон қаласында өткен UFC турнирінде Оде Осборнды айқын басымдықпен жеңді.
Жекпе-жек толық қашықтыққа созылып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен аяқталды. Әлібидің жаңа рекорды — 11-1.
Бұл жеңіс Ідіріс үшін әлемдегі ең үздік лигадағы алғашқы жеңіс болды. Сондай-ақ, бұл жекпе-жек оның келісімшарт аясындағы алғашқы айқасы еді.