Болашақ ойындары Астанада басталады. Ашылу салтанатының тікелей эфирі

Болашақ ойындары Астанада басталады. Ашылу салтанатының тікелей эфирі

29 шілдеде Астанада халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындары» турнирі басталады. Жарыс 9 тамызға дейін жалғасады.

Турнир бағдарламасына фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, фиджитал-шутерлер, фиджитал-жекпе-жек, фиджитал-билер, Dota 2, MLBB және PUBG: Battlegrounds дисциплиналары енгізілген. Жарысқа 50-ден астам елден шамамен 800 спортшы қатысады.

Қазақстандағы Болашақ ойындарының жүлде қоры 4,65 миллион АҚШ долларын құрайды.

29 шілдеде фиджитал-баскетбол бәсекелері басталып, сондай-ақ ойындардың ресми ашылу салтанаты өтеді.

Ашылу салтанаты «Барыс Аренада» өтеді. Тікелей эфир 16:45–те басталады.

Ашылу салтанатын тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.



Күн шежіресі