«Барыс» «Салават», «Трактор» және «Сібірмен» болатын матчтарға құрамын жариялады

3-6 сәуір аралығында Мәскеуде КХЛ 3×3 чемпионатының 15-тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Sport+ «Барыстың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл күндері «Барыстың» қарсыластары — «Салават Юлаев», «Трактор» және «Сібір». Уфа мен Челябі командаларының қоржынында 46 ұпайдан бар, ал Новосібір ұжымы 32 ұпай жинаған. Астаналықтардың еншісінде 21 ұпай. Павел Глотовтың командасының 15-турға арналған құрамы төменде ұсынылған.
Қақпашылар: Роман Калмыков, Михаил Байдек.
Алаң ойыншылары: Абай Мангисбаев, Станислав Александров, Вячеслав Колесников, Владимир Корчагин, Александр Мигунов, Александр Перкин, Карим Кажібеков.
15-тур матчтарының Нұр-Сұлтан уақыты бойынша кестесі:
3 сәуір, 12:00 — «Салават Юлаев» — «Барыс»
3 сәуір, 13:40 — «Трактор» — «Барыс»
4 сәуір, 12:00 — «Сібір» — «Барыс»
5 сәуір, 13:40 — «Барыс» — «Трактор»
5 сәуір, 14:30 — «Барыс» — «Салават Юлаев»
6 сәуір, 12:50 — «Барыс» — «Сібір»
6 сәуір, 13:40 — Суперойын.