«Барселона» финалға бір қадам қалды: «Тенерифе» – «Барселона» матчының тікелей эфирі

«Барселона» финалға бір қадам қалды: «Тенерифе» – «Барселона» матчының тікелей эфирі

Баскетболдан Испания чемпионатының финалына шығу үшін «Барселонаға» «Тенерифе» командасын үшінші рет жеңу жеткілікті.

Серияны өз алаңында бастаған каталониялық клуб екі матчта да жеңіске жетті — 100:67 және 97:89.

Алғашқы ойында ең нәтижелі ойыншы (MVP) атанған Дарио Брисуэла 18 ұпай жинаса, екінші кездесуде Ян Веселы 19 ұпаймен көзге түсті.

Серияның үшінші матчы 13 маусым күні өтеді.

Матчтың басталуы — сағат 23:00-де.

Тікелей эфирді Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі