Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі қарсыласы өзбек жауынгері болуы мүмкін

Қазақстандық жауынгер UFC Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы — Өзбекстандық Рамазан Теміров болады. Олар 26 шілде күні Абу-Дабиде өтетін UFC on ABC 9 турнирінде кездеседі, деп хабарлайды Sport+ «Спорт Шредингера» сілтеме жасап.
31 жастағы Алмабаев өткен жекпе-жегінде UFC турнирінің басты оқиғасында өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық болды, алайда Манель Капеге жол берді. Асу ММА-де 21 жеңіс, 3 жеңіліс және UFC-де 4 жеңіс, 1 жеңіліспен келе жатыр.
28 жастағы Теміровтің көрсеткіші — ММА-де 19 жеңіс, 3 жеңіліс. UFC-де әзірге екі жеңісі бар. Ол қазақстандықтармен үш рет кездескен: Талғат Жұмағалиевпен (2019 жылы армбармен жеңіліп, 2021 жылы шешіммен жеңіске жеткен) және Сатбек Есенгельдинмен (2021 жылы шешіммен жеңіске жеткен).