Астанада таэквондодан ірі халықаралық турнир — Kazakhstan Open-2025 G1-дің алғашқы күні өтті

Астанада Kazakhstan Open-2025 рейтингілік халықаралық турнирінің бірінші күні мәресіне жетті. Алғашқы жарыс күнінде ересектер арасында жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы тамаша нәтиже көрсетіп, жалпы саны 38 медаль жеңіп алды, оның ішінде 10 алтын медаль бар.
Алтын медаль иеленген спортшылар:
Еркебұлан Енсегенов (54 келі)
Жавохирхан Исламов (58 келі)
Нұрбек Газез (68 келі)
Бекасыл Ергеш (74 келі)
Батырхан Төлеуғали (80 келі)
Бейбарыс Қаблан (+87 келі)
Айдана Құмартаева (46 келі)
Нодира Ахмедова (53 келі)
Нұрай Құсайынова (67 келі)
Назым Махмудова (73 келі)
Күміс жүлде иегерлері:
Бекзод Қадырқұлов (54 келі)
Елдос Ысқақ (58 келі)
Самирхон Абабақиров (63 келі)
Ерасыл Орынбасар (74 келі)
Абдурахман Марипов (80 келі)
Тоғжан Өмірзақ (46 келі)
Рита Бәкішова (49 келі)
Әзиза Қаражанова (53 келі)
Мария Севостьянова (57 келі)
Айша Әділбекқызы (62 келі)
Аяжан Сапархан (67 келі)
Меруерт Тікебаева (+73 келі)
Қола медаль иеленген спортшылар:
Әзірет Дүйсенбек (54 келі)
Теміржан Тасқын (54 келі)
Асқар Өтеген (58 келі)
Ізият Хасанов (68 келі)
Нұрқанат Қожахмет (87 келі)
Бауыржан Хасенов (+87 келі)
Танжұлдыз Тұрымбетова (49 келі)
Нұрай Бауыржанова (49 келі)
Айдана Сүндетбай (53 келі)
Әльмира Қанат (57 келі)
Камила Аймұқашева (62 келі)
Аида Тәукенова (67 келі)
Бексұлу Қолбаева (67 келі)
Дария Манасқызы (73 келі)
Евгения Қайымова (+73 келі)
Ақсәуле Ерқасымова (+73 келі)
Алда тұрған екі күнде жарыстар кадеттер мен жасөспірімдер арасында өтеді. Турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жалғасуда.