logo

Таеквондошы Самирхон Абабакиров Универсиадада екінші медалін жеңіп алды

Таеквондошы Самирхон Абабакиров Универсиадада екінші медалін жеңіп алды

Таеквондодан Қазақстан құрамасы Германияда өтіп жатқан 2025 жылғы Универсиадада өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы күні ұлттық құрама екі жүлдеге ие болды.

Әйелдер құрамасы жарыстың командалық бөлімінде үшінші орынға ие болды. Ел қоржынына медаль салған спортшылар: Мария Севостьянова, Айша Әділбекқызы және Нұрай Хусвинова.

Сондай-ақ Қазақстан аралас командалар арасында да үшінші орынды еншіледі. Жүлдегерлер қатарында: Самирхон Абабакиров, Қаблан Бейбарыс, Назым Махмұтова және Айдана Сүндетбай.

Айта кетейік, бұған дейін Абабакиров жекелей сында алтын медаль жеңіп алған болатын.

Таеквондошылар Универсиаданы 1 алтын және 7 қола медальмен аяқтады.



Күн шежіресі