Астана велотрек бойынша халықаралық турнирді қабылдайды

Астана 2025 жылы велоспорттың трек түрінен өтетін ірі халықаралық Silk Way Series Astana турнирін қабылдайды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарыстар «Сарыарқа» велотрегі базасында өтеді.
Турнирге он елдің спортшылары қатысады. Медальдар үшін Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Армения, Грекия, Ресей, Латвия және Литва құрамалары бақ сынайды.
Silk Way Series 16-18 мамыр аралығында өтеді.