Андрей Демченко: Қазақстан футболын бұрыннан бақылаймын

«Жеңіс» командасының жаңа бас бапкері Андрей Демченко Sport+ телеарнасына берген сұхбатта Қазақстан футболынан алған әсерін айтты:
«Менің мансабым Қазақстан футболымен жиі тоғысты. Әріптестерім Владимир Мазяр, Руслан Костышин, Владимир Ульяницкий, Владимир Аржанов осы жақта ойнады, кейін жаттықтырды. Сондықтан қашан да хабардар болдым, Қазақстан футболын бақыладым. Оған қоса мен бірге жұмыс істеген аяқдопшылар Георги Зария, Усман Камара және Зураб Тевзадзе осы жақта ойнады. Әсерім жақсы деп айта аламын, әртүрлі елден соның ішінде Украина, Беларусь, Молдова және тағы басқа жақтан келген мамандар бапкерлік құрамды күшейтіп жатыр. Әрқайсымыз Қазақстан футболының дамуына өз үлесімізді қосып келеміз деп айтуға болады»