Алғашқы тарихи кездесу: Қазақстан мен Әзербайжан әйелдер құрамалары арасындағы матчтың тікелей эфирі
Қазақстан мен Әзербайжан әйелдер құрамалары Шымкент қаласында екі матч өткізеді, оның біріншісі 24 қазан күні өтеді.
Бұл кездесу екі команда тарихындағы алғашқы ойын болмақ.
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын Люксембург құрамасынан кейін 2-орында аяқтады. Ал әзербайжандықтар Черногориядан кейін топта 2-орынды иеленіп, Литва құрамасын артта қалдырды.
Мадияр Кембілов Шымкентте ең мықты ойыншыларды жинай алды. Командаға жақында Ресей кубогын жеңіп алған капитан Юлия Мясникова да қосылды. Сондай-ақ Қазақстан чемпионатынан бірқатар жас футболшылар шақырылды.
Әзербайжан құрамасына да Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін футболшы — «Елімай» клубының өкілі Камилла Мамадова шақыртылды.
Ойынның басталуы — сағат 19:00.
Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, sportplustv.kz сайтында және YouTube-тағы sportplus_qaz арнасында көрсетіледі.