logo

Аяна Жолдас: Екі отадан кейін қаңтар айында дайындықты бастадым

Аяна Жолдас: Екі отадан кейін қаңтар айында дайындықты бастадым

2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері, фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының өкілі Аяна Жолдас жарыстан кейін өз өнерін бағалады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сілтеме жасап.

Спортшының айтуынша, ол бір жыл бұрын екі мәрте ота жасатып, секіруді тек биылғы қаңтар айында бастаған.

«Бапкерімнің тапсырмасын толықтай орындауға тырыстым. Жылдамдық бәрі жақсы болды. Бапкерімде маған көмектесіп отырды. 

Жарақатым туралы нақты айта алмаймын. Шамамен бір жыл бұрын тіземе екі мәрте ота жасатқан едім. Бірақ қаңтар айынан дайындықты бастап кеттім. Алғашқы жарысым АҚШ-та өтті. 

Алғашқы секіруде аяғымды ауыртып алған болатынмын. Қазірде аз ғана ауырсыну бар, алайда алдағы 1-2 күнде қалпыма келіп, медаль үшін күресемін деп үміттенемін», — деді спортшы.



Күн шежіресі