Абылайхан Шаратов NAIZA 73 турнирінде жекпе-жекке шықпақ

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Абылайхан Шаратов NAIZA 73 турнирінің кардында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport+.
«Қарағандылық спортшы Абылайхан Шаратов туған аренасында октагонға қайта оралады!», — деп жазылған промоушннің Instagram парақшасындағы жарияланымда.
Айта кетейік, оның қарсыласы — 22 жастағы әзербайжандық Зафар Абдурахманов болмақ.