«Жетісуға» «Оқжетпеспен» өткен матчта техникалық жеңіліс есептелді

2025 жылдың 12 тамызында Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этика комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ сілтеме жасап.
2025 жылғы маусымдағы Қазақстан Республикасы футбол чемпионатының 20-туры аясындағы «Оқжетпес» — «Жетісу» кездесуінде тәртіп бұзғаны үшін, яғни команда құрамындағы 5 (бес) ойыншыға ескерту жасалғанына байланысты, ДР-дың 48-бабы 1) тармақшасына сәйкес және ДР-ға № 1 қосымшаға сай, «Оқжетпес» футбол клубына 100 АЕК (393 200 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2025 жылғы 12 қыркүйекке дейін төленуі тиіс.
Қарсыластың айқын гол соғу мүмкіндігін шектегені үшін «Жетісу» ойыншысы Дінмұхамед Қашкен ДР-дың 44-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес 1 (бір) ойынға шеттетілді. Шеттету мерзімі 2025 жылғы 10 тамыздан бастап есептеледі.
Чемпионат регламентінің 6.56 және 6.119-тармақтарын бұзып, рұқсат етілмеген ойыншы — Нұрбол Ануарбековтың аталған ойында қатысуына байланысты, ДР-дың 51, 23-баптарына және 25-бабы 1-тармағына сәйкес, «Оқжетпес» — «Жетісу» матчының нәтижесі жойылып, «Жетісу» командасына 0:3 есебімен техникалық жеңіліс берілді.