«Порту» Фариоли жетекшілігімен алғашқы жеңісіне қол жеткізді (видео)

«Порту» Португалия Примейра Лигасының бірінші турында «Витория Гимарайшты» 3:0 ірі есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Голдардың авторлары — Пепе және дубль авторы Саму.
Бұл матч «айдаһарлардың» жаңа бапкері, италиялық Франческо Фариоли үшін алғашқы ресми ойын болды.