«Жеңістің» легионері отанына оралды

32 жастағы жартылай қорғаушысы Лукаш Будинский Чехияның «Простейов» клубына ауысты, деп хабарлайды Sport+.
Будинский өткен маусымда «Жеңіс» сапында барлық турнирлерде 16 матч өткізді. Бұған дейін ол Чехияның «Карвина», «Млада Болеслав», «Баник» және «Богемианс 1905» клубтарында өнер көрсеткен.