Жеңілмегендердің шайқасы: Алжир – Нигерия матчының тікелей эфирі
Африка Ұлттары кубогының ширек финалында турнирде әлі жеңіліс көрмеген, барлық 4 ойынында да жеңіске жеткен екі құрама кездеседі.
Алжир топтық кезеңде Буркина-Фасо, Судан және Экваторлық Гвинея құрамаларын жеңді. Ал 1/8 финалда Рияд Марез бастаған алжирліктер қосымша уақытта Конго Демократиялық Республикасы құрамасын 1:0 есебімен ұтты.
Нигерия да топтық кезеңнен жүз пайыздық нәтижемен өтті: топта Танзания, Тунис және Уганда құрамаларын жеңіп, 1/8 финалда Мозамбикті 4:0 есебімен ойсырата ұтты.
Алайда жартылай финалға тек бір команда ғана шығады. Қай құрама болатыны 10 қаңтар күні сағат 21:00–де белгілі болады.
Тікелей эфир Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.