logo

Жеңіл атлетикадан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионы атанды

Жеңіл атлетикадан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионы атанды

Қытайда өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында  Қазақстан әйелдер командасы эстафетадан чемпион атанды. 

4x400 метрге эстафеталық жарыста Қазақстан намысын Мария Шувалова, Анна Шумило, Кристина Кондрашова және Аделина Земс қорғаған болатын. 

Финалда Қазақстан құрамасы 3:38.02 нәтижесімен Қытай құрамасынан басып  озды. Осылайша, эстафетадан Азия чемпионы атанды. 

Екінші орын иеленген Қытай командасының көрсеткіші – 3:38.29.



Күн шежіресі