Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлде еншіледі
Жеңіл атлетикадан Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатының 4x400 метрлік эстафетасында қола жүлдегер атанды.
Андрей Соколов, Вячеслав Земс, Мәди Төкенов және Эльнор Мухитдинов төрттігі мәре сызығын үшінші болып кесті. Қазақстан командасының нәтижесі – 3:12.23.
Бұл бәсекеде алтын жүлдені Катар құрамасы (3:08.68), күміс жүлдені Қытай құрамасы (3:10.49) жеңіп алды.
Ерлер арасындағы эстафетада жалпы есебі алты команда бақ сынады.