Зәуреш Ақашева үстел теннисінен Польшада өткен турнирде қола жүлдегер атанды
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Зәуреш Ақашева Польшаның Гданьск қаласында өткен WTT Feeder Gdansk халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарыс барысында Ақашева Израиль теннисшісі Элинора Давыдованы, Польша спортшысы Наталья Гаевскаяны және Хорватия өкілі Матея Йегерді жеңді.
Алайда жартылай финалда Жапония спортшысы Хитоми Сатодан жеңіліп, жарысты қола медальмен аяқтады.