Жәния Бекмұхамбетова Италиядағы үстел теннисінен турнирде жеңіске жетті

Жәния Бекмұхамбетова Италиядағы үстел теннисінен турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова Италияның Линьяно қаласында өткен WTT Youth Contender Lignano 2024 халықаралық турнирінде алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Sport+.

Ол 11 жасқа дейінгі санатта үздік атанды. Спортшы Лола Уриа (Испания), жарыс қожайындары Серена Россати және Эмили Кожакару, Джулия Фернандес (Испания), Бьянка Тома (Румыния) сынды қарсыластарын 3:0 есебімен, ал Аялгуу Эрденехуягты (Моңғолия) 3:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін осы турнирде Жәния 13 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста үшінші орынды иеленген еді.



Күн шежіресі