Жаңа лига турнирін Sport Plus Qazaqstan көрсетеді

14 шілде күні Талдықорғанда «Аралас жекпе-жек» жаңа лигасы бойынша алғашқы турнир өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жарыстың құрметті қонақтары: UFC файтері Бекзат Алмахан, М-1 бұрынғы чемпионы Азамат Әшімов және NAIZA файтері Каныбек Жаныбек уулу.
Кард аясында бірнеше белгілі спортшы аренаға шығады: Айдос Айнабеков, Кирилл Карпекин, Данияр Ұайырбаев, Ержан Манарбек және басқалары.
Турнир 19:00де басталады. Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.