Владимир Чебурин жастар құрамасының іріктеу матчтарына шақырылған ойыншылар тізімін жариялады
Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Владимир Чебурин 2027 жылғы Еуропа чемпионаты U21 іріктеу матчтарына дайындық үшін шақырылған ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Жастар құрамасының ОЖЖ 13 наурызда Шымкентте басталады.
Құрамға 25 футболшы кірді.
Қақпашылар:
Дулат Талыспаев («Жетісу»)
Санжар Ерниязов («Қызылжар»)
Мирас Рихард («Ертіс»)
Қорғаушылар:
Сұлтан Асқаров («Қайсар»)
Саламат Жұмабеков («Қайсар»)
Темірлан Мұрзагалиев («Қайсар»)
Рамазан Кәрімов («Ертіс»)
Әли Тұрғанов («Ордабасы»)
Жасұлан Әмір («Ордабасы»)
Әлихан Серікбай («Қызылжар»)
Никита Губарев («Қызылжар»)
Жартылай қорғаушылар:
Абинұр Нұрымбет («Оқжетпес»)
Тамерлан Ағиманов («Ертіс»)
Вячеслав Раскатов («Ертіс»)
Мирас Оматай («Ертіс»)
Аян Байдәулетов («Ақтөбе»)
Олжас Байбек («Қайрат»)
Давид Есімбеков («Каспий»)
Мүслим Жұмат («Қайсар»)
Николай Горобченко («Жеңіс»)
Шабуылшылар:
Глеб Валгушев («Қызылжар»)
Ян Труфанов («Атырау»)
Мағжан Тоқтыбай («Ордабасы»)
Рамазан Бағдат («Қайрат»)
Сейф Попов («Алтай»)
Айта кетейік, жастар арасындағы Еуропа чемпионаты‑2027 іріктеу турнирі аясында Қазақстан U21 құрамасы өз алаңында екі матч өткізеді:
27 наурыз 2026 жыл
Қазақстан U‑21 — Словакия U‑21
«Түркістан Арена», Түркістан
20:00 (Қазақстан уақытымен)
31 наурыз 2026 жыл
Қазақстан U‑21 — Ирландия U‑21
«Түркістан Арена», Түркістан
20:00 (Қазақстан уақытымен)