Чемпиондыққа талас жалғасуда: «Фатих Карагюмрюк» – «Фенербахче» матчының тікелей эфирі
«Фенербахче» қазіргі чемпион «Галатасарайды» қуып келеді. Түркия чемпионатының 26-турында Доменико Тедесконың шәкірттері ұпай қорын толықтыруға жақсы мүмкіндік алады, өйткені олардың қарсыласы — турнир кестесінің соңғы орнында тұрған «Фатих Карагюмрюк».
Дегенмен келесі маусымда лигада қалу үшін жан аямай күресіп жатқан команданы менсінбеуге болмайды. «Карагюмрюк» соңғы бес матчтың тек екеуінде ғана жеңіліп, «Антальяспорды» жеңді, сондай-ақ «Самсунспор» мен «Газиантеппен» ойындарда ұпай алды.
Соған қарамастан құрам сапасы мен турнирлік жағдайына қарасақ, стамбұлдықтар бұл матчқа айқын фаворит ретінде барады.
«Фенербахче» ойыншылары фаворит мәртебесін ақтай ала ма? Мұны 13 наурыз күні сағат 22:00–де білетін боламыз.
«Фатих Карагюмрюк» — «Фенербахче» матчының тікелей трансляциясы Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.