Виталий Жуковский бұрынғы командасына қарсы: «Қызылжар» — «Атырау» матчының тікелей эфирі

Виталий Жуковский бұрынғы командасына қарсы: «Қызылжар» — «Атырау» матчының тікелей эфирі

Бүгін, 5 қыркүйекте, Петропавлда Қазақстан Премьер-лигасының 25-турындағы «Қызылжар» мен «Атырау» арасындағы матч өтеді.

Алдағы матч екі команда үшін де маңызды. 23 ойыннан кейін «Қызылжар» 23 ұпаймен турнир кестесінде 11-орында тұр. Ал «Атырау» 20 ұпаймен 12-сатыда келеді және бір ойыны қорда бар.

Соңғы турда «Қызылжар» «Ордабасыдан» 0:3 есебімен жеңілсе, «Атырау» нәтижелі өткен матчта «Астанадан» 2:3 есебімен ұтылды. Енді қос команда да сәтсіздікті ұмытып, ұпай қорын толықтыруға тырысады.

«Қызылжардың» жаңа бас бапкері Виталий Жуковский бұрынғы командасына қарсы ойнайды.

Кездесу «Қарасай» стадионында өтеді және Астана уақытымен сағат 19:00–де басталады.



Күн шежіресі