«Қайрат» чемпиондық жолындағы күресін жалғастырады: «Каспий» – «Қайрат» матчының тікелей эфирі
Бүгін, 5 қыркүйекте Ақтауда Қазақстан футбол чемпионатының 6-турынан кейінге шегерілген «Каспий» — «Қайрат» матчы өтеді.
«Қайрат» үшін бұл матч чемпиондық додада ерекше маңызға ие. Алматы клубы турнир кестесінде екінші орында тұр және чемпиондық атақ үшін күресін жалғастыруда. «Каспий» турнир кестесінің төменгі бөлігінде орналасқан. Дегенмен Ақтау командасы соңғы матчтарда мінез көрсетіп, кез келген қарсыласына қиындық туғыза алатынын дәлелдеп жүр.
Ақтауда кім мықты атанады? Бұл сұрақтың жауабын бүгін білеміз.
Кездесу «Жас Қанат» стадионында ұйымдастырылып, Астана уақытымен сағат 17:00–де басталады.
Ойынды Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде көруге болады.