«Ұлытау» өткен маусымдағы ойыншыларымен келісімшартты ресми түрде ұзартты

Жезқазғандық «Ұлытау» өткен маусымда өнер көрсеткен футболшылармен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде хабарлады, деп хабарлайды Sport+.
«Бірінші лиганың күміс жүлдесін жеңіп алуға өз үлестерін қосқан Жасұлан Молдақараев, Абзал Таубай, Асқат Ермекұлы және Рафқат Аслан „Ұлытау“ футбол клубымен келісімшарттарын ұзартты», — деп хабарлады жезқазғандық клубтың баспасөз қызметі.