Ұлы жеңіс күні құтты болсын!
Sport+ медиа тобы сіздерді ұлы мереке — Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды.
9 Мамыр — бейбіт өмірді қорғап, келер ұрпаққа ашық аспан мен жарқын болашақ сыйлаған халықтың ерлігі мен қайсарлығының, теңдессіз батырлығының символы.
Осы күні біз ардагерлерді, тыл еңбеккерлерін және ел үшін жан аямай күрескен барлық қаһармандарды терең құрмет пен алғыс сезімімен еске аламыз. Олардың ерлігі, рухының мықтылығы мен Отанға деген сүйіспеншілігі — нағыз патриотизмнің мәңгілік үлгісі. Батырлардың жанқиярлық ерлігі халқымыздың жадында және жүрегінде мәңгі сақталады.
Жеңіс күні бізді өткен тарихқа деген құрметпен, ел тарихына деген мақтанышпен және бейбіт болашаққа деген сеніммен біріктіре берсін. Баршаңызға зор денсаулық, амандық, бақ-береке және ашық аспан тілейміз!