«Трабзонспор» чемпионаттың аутсайдер командасын қабылдайды. «Трабзонспор» — «Кайсериспор» матчының тікелей эфирі
«Трабзонспор» соңғы турда сәтсіздіктер сериясын тоқтатып, сырт алаңда «Карагюмрюк» командасын 4:3 есебімен жеңді.
Фатих Теккенің шәкірттерінің келесі қарсыласы — Суперлигадағы маусымды жеңіссіз бастаған «Кайсериспор» болады.
Қызығы, өткен маусымда бұл екі команда да жеңіске жете алмай, чемпионат аясындағы екі ойын да тең нәтижемен аяқталған еді.
Жаңа кездесу 3 қазан күні сағат 22:00–де өтеді. Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.