Алматы облысында бокстан Амангелді Бектасовты еске алуға арналған турнир өтті
Алматы облысында бокстан еңбек ардагері Амангелді Бектасовты еске алуға арналған алғашқы республикалық ашық турнир өз мәресіне жетті. Додаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген 200-ге жуық жас былғары қолғап шебері қатысып, үздіктерді анықтады. 15 салмақ дәрежесі бойынша өткен жарысқа халықаралық және ұлттық санаттағы төрешілер қазылық етті, деп хабарлайды Sport+.
Қарасай ауданындағы «Үшқоңыр» спорт кешенінде ұйымдастырылған турнир бокстан спорт шебері, еңбек ардагері Амангелді Бектасовтың есімін ұлықтауға бағытталды. Сонымен қатар, жарыс жас спортшыларға қолдау көрсетіп, болашақ чемпиондардың жолын ашуды мақсат етті.
Төрт күнге созылған бәсекенің жеңімпаздары төмендегідей:
42 кг: Ерасыл Мәуліт (Алматы облысы, Қарасай ауданы)
44 кг: Одина Сафарализада (Тәжікстан)
46 кг: Алан Шакиров (Қырғызстан)
48 кг: Тамирлан Сман (Алматы облысы)
50 кг: Бекарыс Сәбитов (Алматы облысы)
52 кг: Нұрмұхаммед Сағынтай (Қарасай ауданы)
54 кг: Дінмұхаммед Медеубеу (Алматы облысы)
57 кг: Амиршон Надиров (Тәжікстан)
60 кг: Ильхам Иманжанов (Алматы)
63 кг: Бахыт Мавленбеков (Өзбекстан)
66 кг: Абдурахим Шарипов (Тәжікстан)
70 кг: Жайық Мүслім (Алматы облысы)
75 кг: Ерасыл Рыскелді (Алматы)
80 кг: Амир Оспанов (Қарасай ауданы)
+80 кг: Нұрдәулет Сәкен (Алматы облысы)