«Тобыл» құрамын француз футболының түлегімен толықтырды

«Тобыл» құрамын француз футболының түлегімен толықтырды

«Тобыл» футбол клубы француздық орталық қорғаушы Райан Сенхаджимен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+ қостанайлық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Райан футболдағы мансабын Францияның «Сошо» клубының жүйесінде бастаған. Әр жылдары ол Францияның «Безьерс» және «Сошо», Болгарияның «Монтана», «Пирин» және «Левски», Данияның «Яммербугт», Алжирдің «ЖС Кабилия», Ресейдің «Факел» және Әзербайжанның «Сумгаит» клубтарында өнер көрсетті.

Сенхаджи әсерлі физикалық мүмкіндіктерімен ерекшеленеді — қорғаушының бойы 190 сантиметрді құрайды. Сонымен қатар ол жоғары жылдамдығымен және әуедегі доп үшін тартыстағы сенімді ойынымен танымал. Әзербайжан чемпионатындағы өнері барысында Райан жоғарғы доптар үшін күресте жеңіске жету көрсеткіші бойынша лиганың үздік ойыншыларының қатарынан көрініп, шамамен 92 пайыздық нәтижеге қол жеткізген.



Күн шежіресі