Тәжірибелі украиналық жартылай қорғаушы «Қызылжарға» қайта келді
Петропавлдың «Қызылжар» клубы украиналық жартылай қорғаушы Александр Нойокпен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
33 жастағы футболшы «Қызылжар» сапына қайта оралып отыр. Ол бұған дейін де петропавлдық клубтың намысын қорғап, 26 матчқа қатысып, бір голдың авторы атанған.
Нойок жаңа командасына «Атыраудан» ауысты. Тараптар келісімшартты өзара келісім негізінде бұзған болатын. Атыраулық клуб сапында тәжірибелі жартылай қорғаушы 74 матч өткізіп, алты гол соқты.
Осылайша, Александр Нойок мансабын қайтадан «Қызылжар» құрамында жалғастырып, командаға өзінің тәжірибесімен көмектесуге дайын.