Sport+ және RD Promotion ресми түрде ынтымақтастық орнатқандарын жариялады

Sport+ медиа-тобы және бокстан RD Promotion кәсіби ұйымы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Sport+ бас кеңсесінде Қазақстанда кәсіби боксты дамыту мен насихаттауға бағытталған, сондай-ақ бірлескен маркетингтік жобаларды қамтитын келісім жасалды.
RD Promotion ұйымының келесі турнирі 17 қазанда өтеді. Көрермендер оны Sport+ арнасынан тікелей эфирде көре алады.