Sport+ Qazaqstan Венгрияда өтетін рейтингтік күрес турнирін көрсетеді

17–20 шілде аралығында Будапешт қаласында грек-рим күресінен Поляк Имре мен Варга Яношты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Sport+.
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының құрамы мынадай:
Адилет Алмұхамедов, Абзал Өкенов (екеуі де — 57 кг),
Әділ Оспанов, Асылжан Есенгелді (екеуі де — 61 кг),
Шерхан Әбіл, Нұрсұлтан Садық (екеуі де — 65 кг),
Егор Анчугин, Мейіржан Аширов (екеуі де — 70 кг),
Әлібек Әбдіқасымов, Елдос Қуанышбай (екеуі де — 74 кг),
Нұрлан Бекжанов, Болат Сақаев, Дәулет Ергеш (үшеуі де — 79 кг),
Нұржан Исағалиев (86 кг),
Арыстан Қарабек (92 кг),
Нұрдаулет Бекенов, Бекзат Үркімбай (97 кг),
Нұрсұлтан Азов (125 кг).
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының құрамы:
Алпамыс Дастанбек, Марлан Мұқашев (55 кг),
Ғалым Қабдунасаров, Айдос Сұлтанғали (60 кг),
Еркебұлан Ардақов, Ережет Жарлықасын (63 кг),
Сұлтан Әсетұлы, Дамир Ибрашов, Дінмұхамед Қошқар (67 кг),
Данияр Қаленов, Мерей Мұалитқанов (72 кг),
Талас Әширханов, Елдос Камелов (77 кг),
Диас Қален, Шамиль Ожаев, Алмир Төлебаев (82 кг),
Нұрсұлтан Тұрсынов, Ислам Евлоев (87 кг),
Юсуф Мациев (97 кг),
Асылбек Аблықалық, Әлімхан Сыздықов (130 кг).
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының құрамы:
Светлана Анкичева (50 кг),
Зейнеп Баянова (53 кг),
Нилуфар Райымова (57 кг),
Тыныс Дүбек (62 кг),
Ирина Казюлина (68 кг),
Жамиля Бақбергенова (72 кг),
Эльмира Сыздықова (76 кг).
B кілеміндегі барлық белдесулерді тікелей эфирде Sportplustv.kz сайтынан көруге болады.