«Семей» Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалының қарымта матчын өткізді, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстандағы алғашқы ойын Польшадың «Пяст» клубына қарсы 3:3 есебімен аяқталған еді, қарымта матч Гливицеде өтті.
Аслан Смақов келесі құрамды жасақтады: Игита, Бруно Гомес, Әбдуманапұлы, Родригиньо, Марсело — Атанаев, Джайме, Кнауб, Дәрібай, Пиялы, Төреғазин, Кандидо, Дедезиньо, Педро Энрике, Қарменов.
Ойынның 12-секундында Яни Корпела есеп ашты, 6-минутта Роса Дендал есеп айырмасын ұлғайтты. Алайда үзіліске дейін Нұрсұлтан Пиялы (18-минут) мен Ринат Төреғазин (20-минут) есепті теңестірді. Екінші таймда Педриньо (28-минут) қазақстандықтарға басымдық сыйлады, артынша Төрегазин (31-минут) дубль авторы атанды. Дәл сол минутта Гильерме Кауэ да Лус есеп айырмасын қысқартты, соңғы голды Марсело (40-минут) соқты — 5:3.
Ширек финалда «Семей» Францияның «Этуаль» клубымен кездеседі. Француздар Данияның «Йорринг» командасын 4:1, 7:4 есебімен жеңген.