logo

Шавкат Рахмонов Нассурдин Имавовпен спарринг өткізді

Шавкат Рахмонов Нассурдин Имавовпен спарринг өткізді

Жеңілмеген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов  UFC-дегі орта салмақтың үздік бестікке енетін өкілі Нассурдин Имавовпен спарринг жасады, деп хабарлайды Sport +.

Айта кетейік, Имавов экс-чемпион Исраэль Адесаньямен айқасқа дайындалып жүр. Екеуінің жекпе-жегі 1 ақпан күні Сауд Арабиясындағы UFC Fight Night кешінің басты жекпе-жегі болуы мүмкін деген болжам бар.

Ал Рахмонов 7 желтоқсанда ирландиялық Иан Гэрримен өзара кім мықтыны анықтайды. Олардың  UFC 310 турниріндегі кездесулері басты айқасқа теңестірілген. Шавкат пен Иэн жартылай орта салмақта чемпиондыққа бірінші үміткер атағына таласады.



Күн шежіресі
1 г. 5 м. 11 д. 9 ч. 27 м. 43.649 с.