Сағындық Мекеев: UFC-дегі алғашқы жеңіліс Дияр Нұрғожайға жақсы сабақ болады

ММА және панкратион федерациясының президенті Сағындық Мекеев Sport+ эфирінде қазақстандық Дияр Нұргожайдың UFC-дегі дебютін бағалады.
«Дияр қатты толқыды, UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі мен жеңілісі оған жақсы сабақ болады. Ол бұл жағдайды бапкерлік штабпен бірге дұрыс сараптайды деп сенемін. Бірақ жүйке тіксінуіне қатысты бір жайт бар. Мен оны жақсы танимын, әуесқойлар арасындағы әлем чемпионаттарына апарғанмын. Көзін жыпылықтатуы бұрыннан бар, ал қолдың қозғалысы — мен ондайды алғаш рет көріп тұрмын», — деді Мекеев.
Нұргожай UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде қарсыласынан ауырту әдісіне түсіп қалып, кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Сағындық Мекеевпен бағдарламаның толық шығарлымын төмендегі плеер арқылы көре аласыздар.