logo

Сағындық Мекеев: ММА Азия ойындарында алтын әкелетіні сөзсіз

Сағындық Мекеев: ММА Азия ойындарында алтын әкелетіні сөзсіз

 ММА және панкратион федерациясының президенті Сағындық Мекеев Sport+ арнасының тікелей эфирінде 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында ММА спортынан Қазақстанның жүлделі орын алу мүмкіндігін жоғары бағалады.

— Егер соңғы Азия чемпионатын негізге алсақ, біз командалық есепте бірінші орын алдық. Сол себепті, Азия ойындарында бізге ММА-дан алтын бұйырады деп сенемін. Тіпті командалық жарыста да жеңіске жетуіміз мүмкін. Әрине, бәсекелестік болады. ММА жақсы дамып жатқан Қытай да додаға қосылады, — деді ол.

Айта кетейік, ММА 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының ресми бағдарламасына енді.



Күн шежіресі