QJL қайта оралады: Тараз – ҚФФ Академиясы матчының тікелей эфирі
Жасөспірімдер құрамалары жолдастық және ресми кездесулер өткізген үзілістен кейін QJ League қайта жалғасады.
Үзілістен кейінгі Sport+ арнасындағы алғашқы матчта «Тараз» бен ҚФФ Академиясы командаларының 2010 жылы туған ойыншылары кездеседі.
Айта кету керек, ҚФФ Академиясының құрамында негізінен бір жас кіші футболшылар өнер көрсетеді. Соған қарамастан, латвиялық маман Виталий Астафьев жаттықтыратын команда үзіліс алдындағы соңғы турда маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, «Қайсарды» 2:1 есебімен жеңді.
Ал «Тараз» командасына келсек, жамбылдықтар осы маусымда екі жеңіске қол жеткізді және екеуін де өз алаңында тіркеді. Олар «Ақтөбе» мен «Ертіс» командаларын жеңген болатын.
Матчтың басталуы — сағат 10:00–де.
Тікелей эфирді Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.