«Ордабасының» жартылай қорғаушысы «Ертіске» жалға берілді

«Ордабасының» жартылай қорғаушысы «Ертіске» жалға берілді

22 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы, «Ордабасы» клубының ойыншысы Муроджон Халматов Павлодардың «Ертіс» командасына ауысты, деп хабарлайды Sport+ шымкенттік клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісім жалға алу негізінде рәсімделді. Осылайша, жартылай қорғаушы ағымдағы маусымның екінші бөлігін павлодарлық клуб сапында өткізеді.

Биылғы маусымда Халматов «Ордабасы» құрамында барлық турнирде 11 матчқа қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.



Күн шежіресі