Қазақстанның U19 құрамасы Еуро-2027 іріктеуінің келесі кезеңіне шықты
Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Еуро-2027 іріктеу кезеңінің бірінші раундындағы соңғы матчында алаң иесі Грекиядан 2:4 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Sport+.
Салоники қаласындағы Тумба стадионы өткен кездесуде қазақстандықтардың сапынан Аламгир Смақов пен Исмаил Бекболат гол соқты.
Бұл нәтижеге қарамастан, Тимур Қасымов жаттықтыратын команда үш матчтан кейін 4 ұпай жинап, топта үшінші орын алды. Нәтижесінде Қазақстан U-19 құрамасы Еуро-2027 іріктеуінің келесі кезеңіне жолдама алып, А лигасындағы орнын сақтап қалды.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық жасөспірімдер Португалиямен 1:1 есебімен тең ойнап, Сербияны 3:1 есебімен жеңген болатын. Екінші іріктеу кезеңінің матчтары қараша айында өтеді.