Қазақстан құрамасы Венгриядан жеңілді

Қазақстан құрамасы Венгриядан жеңілді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Дебреценде өткен жолдастық кездесуде Венгрияға 1:3 есебімен жол берді.

Ойынның 9-минутында Сергей Малый есеп ашып, қазақстандықтарды алға шығарды. Алайда екінші таймда алаң иелері таразы басын өздеріне аударды. Алдымен Доминик Собослаи есепті теңестірсе, кейін Андраш Шефер Венгрияны алға шығарды. Қосымша уақытта Петер Тот матчтың қорытынды есебін белгіледі.

Екінші таймның көп бөлігін Қазақстан құрамасы 10 ойыншымен өткізді — алаңнан Максим Самородов қуалған болатын.

Венгрия — Қазақстан — 3:1 (0:1)

Голдар: Доминик Собослаи 52, Андраш Шефер 67, Петер Тот 90+3 — Сергей Малый 9. 



Күн шежіресі