Қазақстандық шаңғышы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының өкілі Олжас Климин Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы 10 шақырымдық еркін стильдегі жарыста ел намысын сәтті қорғады.
Климиннің мәреге жеткен уақыты – 21:20.3. Жеңісті жапониялық Харуки Ямашита (21:06.5) иеленсе, оның командаласы Такацуга Уда (21:16.5) екінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұған дейін Константин Борцов спринтте күміс жүлдегер атанған болатын.