Қазақстандық конькимен жүгірушілер қысқы Азия ойындарының қола медалін жеңіп алды

Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы Харбин (Қытай) қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшылар командалық спринтте үшінші орынға ие болды. Елге қола медальді Надежда Морозова, Кристина Силаева және Дарья Важенина сыйлады.
Алтын жүлдені Оңтүстік Корея құрамасы жеңіп алды, ал Қытай күміс медаль иеленді.