Қазақстандық гимнастар Грекиядағы халықаралық жарыста бақ сынайды
20-22 наурыз аралығында Афинада (Грекия) көркем гимнастикадан Aphrodite Cup халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Федерация баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан турнирде жекелей және топтық жаттығулар бойынша өнер көрсетеді.
Назарларыңызға жарыста бақ сынайтын Қазақстан құрамасының тізімін ұсынамыз:
Жекелей жаттығулар
— Айым Мейіржанова
— Дария Күшербаева
— Ақмарал Ерекешева
— Айғаным Рысбек
— Линара Жайлауова
— Анна Рубцова
— Анель Динишева
Топтық жаттығулар
— Жасмин Жүнісбаева
— Аида Хәкімжанова
— Кристина Чепульская
— Мадина Мырзабай
— Айзере Кеңес
— Айзере Нұрмағамбетова