logo

Батуттағы гимнастикадан әлем чемпионаты: қазақстандықтардың жекелей сындағы нәтижелері

Батуттағы гимнастикадан әлем чемпионаты: қазақстандықтардың жекелей сындағы нәтижелері

Батуттағы гимнастикадан Испанияның Памплона қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жекелей сынның алғашқы іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлер арасында өткен сайыста Қазақстан құрамасынан ең үздік нәтиже көрсеткен Данил Мусабаев болды. Ол 59.080 ұпай жинап, 32-орынға жайғасты. Өкінішке қарай, ол екінші кезеңге өте алған жоқ. Қазақстандық үшінші қосалқы спортшы ретінде тіркелді.

Никита Тумаков — 37-орында, Роман Барков — 38-орында, ал Ерлан Тасмағамбетов — 68-орында аяқтады.

Әйелдер арасында өткен сайыста Виктория Бутолина 39-орынға тұрақтап, бастапқы кезеңнен өте алмады.



Күн шежіресі