logo

Қазақстанда стенд атудан Әлем кубогының кезеңі өтеді

Қазақстанда стенд атудан Әлем кубогының кезеңі өтеді

Қазақстанда стенд атудан Әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыс Алматы облысында Александр Асанов атындағы ату клубында ұйымдастырылады.

Әлем кубогының кезеңіне әлемнің 70 елінен 500-ден астам спортшы қатысады.

Турнирде «трап», «скит» дисциплиналары бойынша және аралас командалар арасындағы сайыста сегіз медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Әлем кубогының кезеңі 2-11 мамыр аралығында өтеді.



Күн шежіресі