Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды
Бельгия астанасы Брюссельде 2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Футболдан Қазақстан құрамасы С лигасында 3 топқа түсті. Қарсыластарымыз — Словакия, Фарер аралдары және Молдова құрамалары.
Айта кетейік, Ұлттар лигасы матчтары қыркүйек айында басталады. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар жоғары дивизионға өтуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ 2028 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін ойнайды.