Қазақстан құрамасының Беларусь пен Солтүстік Македонияға қарсы ойындарға шақырылған нақты құрамы

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев маусым айында өтетін ойындарға шақырту алған ойыншылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ сілтеме жасап.
Құрамға 27 ойыншы енді. Оқу-жаттығу жиыны 31 мамырда Астанада басталады.
Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Қайрат»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);
Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский, Марат Быстров (екеуі де — «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов, Александр Зуев, Наурызбек Жагоров (бәрі — «Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де — «Ордабасы»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»);
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Ислам Чесноков (екеуі де — «Тобыл»), Серікжан Мужиков («Елімай»), Ғалымжан Кенжебек («Кошице», Словакия), Дәурен Жұмат («Оқжетпес»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Георгий Жуков («Пуща», Польша), Муроджон Халматов («Ордабасы»);
Шабуылшылар: Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»).
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы маусым айында екі ойын өткізеді. Алдымен 5 маусымда Минскте Беларусьпен жолдастық матч өткізсе, ал 9 маусымда 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды. «Астана Аренада» өтетін ойынға билеттер Ticketon.kz сайтында қолжетімді.