Қазақстан күрес түрлерінен U20 әлем чемпионатында өнер көрсетуін бастады
Словакияның Братислава қаласында күрес түрлерінен U20 жас санатындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Алғашқы жарыс күнінің нәтижесінде екі қазақстандық балуан жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алды.
77 келіге дейінгі салмақта Еркебұлан Анапия жұбаныш белдесуінде Грекия өкілі Адамантиос Пападатоспен өзара мықтыны анықтайды.
Сондай-ақ Бахтияр Казиев 130 келіге дейінгі салмақтың жұбаныш белдесуінде қытайлық Чэнмао Цуймен кездеседі.