Қазақстан чемпионатының 4-тур матчтарына тактикалық шолу жасалды

Sport+ телеарнасында «Pluste Bol» аналитикалық жобасының кезекті қонағы «Елімай» футбол клубының жартылай қорғаушысы Абылайхан Назымханов атанды.
Тікелей эфирде Қазақстан чемпионатының төртінші турының ойындарына тактикалық шолу жасалды, турда соғылған барлық голдар сараланды және Назымхановқа «Елімай» командасына қатысты бірқатар сұрақтар қойылды.
«Pluste Bol» бағдарламасының толық шығарлымын біздің YouTube-арнамыздан көре аласыздар.